
Омаркулова Гулсин Бакирқызы балабақша меңгерушісі
Өмірбаян
Омаркулова Гулсин Бакирқызы Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Красный восток елді мекенінде 1969 жылы дүниеге келген. Үлкен отбасында тәрбиеленіп, әкенің қамқорлығы мен өнегесін тоқып, анасының жылы алақанында өскен.
Ұлты қазақ. Білім жолын 1992 жылы Жетісай қазақ педагогикалық училищесін «Мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиешісі» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2005 жылы Шымкент қаласындағы М.Әуезов атындағы педагогикалық институтының «Педагогика және бастауышты оқыту әдістемесі» мамандығын оқып бітірген.
1991 жылы Қазығұрт ауданы Жігерген елді мекеніне келін болған. 1992-1997 жылдары сол ауылдың балабақшасында тәрбиеші болып жұмыс атқарған.
2003-2010 жылдары Жігерген елді мекенінде Абай атындағы жалпы білім беретін мектепте бастауыш сынып мұғалімі болған. 2011 жылы Жігерген елді мекенінде «Жігерген» бөбекжай балабақшасына меңгеруші болып тағайындалды.
Отбасының ұйтқысы, сүйікті жар, ұстаздардың ұстазы атанған аяулы ана. Болашақ еліміздің ертеңі жас ұрпақтың өркендеуі, жаңа заманға сай жігерлі де намысты ұл-қыздарымызды білім нәрімен сусындатып қана қоймай қазақы болымысында тәрбиелеуге атсалысуда.

